11
тамыз
2026
«Ақ бота» бөбекжай-балабақшасы
Алматы облысы Талғар ауданы Бірлік ауылы Маметова 1А көшесінде орналасқан. Жоба қуаттылығы 185 бала. «Ақ бота» бөбекжай-балабақшасы 07.07.2020 жылы ашылып, тамыз айында жұмысын бастады. Балабақша бір қабатты, типтік 1500 кв.м, ғимаратта орналасқан, жер телімі 0,5095 га құрайды, нысаналық мақсаты балабақшаға арналған. Бүгінгі күнде балабақшада 8 топта 185 бала тәрбие алуда. Әрбір топқа арналған ойын, демалу, балаларды қабылдау бөлмелері бар. Тамақтануға арналған жеке асхана бөлмесі, музыка залы, спорт залы, тұз бөлмесі, ата-аналарға арналған консультациялық пункт, медициналық кабинет, әкімшілік бөлмелері бар. Топ бөлмелері жарық, кең бала өзін ыңғайлы, қауіпсіз сезіну үшін барлық жағдай жасалған. Балабақша участкелерінде спорт алаңы әр топқа арналған ойын алаңы, беседкалар, олар ойын құралдарымен жабдықталған. Балабақша ауласында балаларға арналған жылыжай бар, ол жерде балалар өз қолдарымен көкеністерді өсіріп, баптайды. Ұйымдастырылған іс-әрекеттері мемлекеттік тілде жүргізіледі, балабақшамызда каратэ, би, ән үйірмелері бар.
Балабақшада 14 педагог қызмет етеді :
Басшы -1
Әдіскер- 1
Тәрбиеші- 8
Музыка жетекшісі- 1
Логопед- 1
Дене тәрбиеші- 1
Хореограф- 1















